Өтемұратов Болат Жәмитұлы | Презентация
СкачатьПрезентация қосу
с і п ке р
Кә
Бо л а т
р а то в
Өте м ұ
Орындаған:
Кеңесханов Р.З.
Тексерген:
Өтемұратов Болат Жәмитұлы
1957 жылы дүниеге келді. Атырау қаласында ту ған. Алматы халы қ шаруашылы ғы
институтын бітірген, экономист.
1981-1982 жылдары — Алматы халық шаруашылығы институтыны ң о қытушысы, 1982-
1983 жылдары — Алматы қалалық сауда басқармасының аға инспекторы. 1985-1986
жылдары Алматы қаласындағы «Юбилейный» гастрономы директорыны ң орынбасары,
директоры. 1985-1986 жылдары Алматы қаласы Әуезов аудандық тамақ саудасы
басқармасының директоры. 1986-1990 жылдары — Алматы қаласы Әуезов аудандық
атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1990-1992 жылдары — Экономикалы қ
байланыстар мемлекеттік комитетіні ң, Сырт қы экономикалы қ байланыстар
министрлігінің бөлім, басқарма бастығы. 1992-1993 жылдары Австрияда ғы Қаза қ
байланыстар министрінің орынбасары. 1994-1995 жылдары — ҚР Өнерк әсіп ж әне сауда
министрінің бірінші орынбасары. 1995-1996 жылдары — ҚР СІМ ерекше тапсырмалар
жөніндегі елшісі. 1996-1999 жылдары — ҚР-ның Швейцарияда ғы Т өтенше ж әне
Өкілетті елшісі, Женева қаласындағы БҰҰ және бас қа халы қаралы қ ұйымдар
жанындағы тұрақты өкілі. 1999-2003 жылдары — ҚР Президентінің сыртқы саяси ж әне
сыртқы экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі. 2003-2006 жылдары — ҚР
Қаупсіздік Кеңесінің хатшысы. 2006-2008 жылдары — ҚР Президентінің Іс бас қарушсы.
ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі. Қазіргі қызметінде — 2010 жылдан бері .
«Қазақмыс» акциясының бақылау пакетін
«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорына 1,65
миллиард долларға сатып жіберген. Кейбір
ақпаратқа қарағанда, «Самұрық-Қазына»
қоры мұндай ақшаны «Верный Капитал»
компаниясынан қарызға алған. Ал, қарыз
беруші Б.Өтемұратовпен кіндігі байлаулы
мекеме. Сондай-ақ, ол былтыр «Бугер кинг»
тез тамақтану жүйесін жолға қойып,
елімізде бірнеше мейрамхана ашқан. Бес
жұлдызды қонақ үйлер желісі, Beelіne
Kazakhstan, ForteBank, Kassa Nova банкі,
Ақмола облысындағы алтын өңдеу
фабрикасы «Васильков КБК» ( президенті
өзінің ұлы Әлидар Өтемұратов) секілді
компаниялардан табыс тауып отырған Болат
Өтемұратовтың қолында өзгелердің
арманына айналған ақпарат құралдары да
Альянс және Темір банкті еліміздің ең бай
кәсіпкері Болат Өтемұратовтың сатып
алатыны туралы әңгіменің шыққанына бір
жылдың жүзі. Бұл туралы «Самұрық-қазына»
әл-ауқат қорының баспасөз мәлімдемесінде
былай деп жазылды: «Самұрық-Қазына» АҚ
мен «Форте Банк» АҚ басты акционері Болат
Өтемұратов «Темір банк» АҚ сатып алу
туралы, сондай-ақ «Альянс банк» акция
қорының жартысын сатып алатыны туралы
келіссөздер жүргізілуде. Бірақ «Альянск
банктің» негізгі акция пакеті өзінде қалады.
жағдайын жақсарту бірден қолға алынады».
Бұрынғы ҚР
Президентінің Іс
басқарушысы, “Верный
Капитал” компаниясының
басшысы Болат
Өтемұратов
Қазақстандағы ең
қалталы әрі ықпалды
кәсіпкерге жатады екен. Ол
тек Қазақстанды ғана
емес, әлемдік
компаниялардың ісін
дөңігелетіп әкететіндей
байлыққа ие. Оның
қоржынында 70 млрд.
АҚШ доллары бар екен.
Осылайша, Болат
Өтемұратов Forbes
Болат Өтемұратовтың меншігінде
еліміздің ірі компанияларының
негізгі акциялары бар. 2013
жылдың ең ықпалды кәсіпкері
ретінде Өтемұратов мырза
танылды. Рейтингте көш бастап
тұрған кәсіпкер Қазақстан
экономикасының басқа беделді
кәсіпкері Тимур Құлыбаевты ғана
артта қалдырған. Ағымдағы
жылы кәсіпкердің бірнеше
маңызды сауда-саттық жасағаны
белгілі. Соның бірі – «Қазцинк»
акциясын «Самұрық-қазына» әл-
ауқат қорына сатты. Ал маусымда
«Верный капитал» инвестициялық
компаниясы арқылы қаражат
құйған Болат Өтемұратов құны
300 миллион долларлық «Талан
Towers» кешіні жобасын ұсынды.
Астанадағы бұл жобаның
құрылысы 2017 жылға дейін
Назарларыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
stud.kz
Қазақстандық нөмір бірінші миллиардер өзгеруі мүмкін
«Гленкор» өзінің 7,9 миллиард АҚШ доллары болатын табысының 40 пайызын «Қазмырыш» компаниясының серіктесі «Верный Капитал» сатып алса, Болат Өтемұратов 2 миллиард АҚШ доллары көлемінде пайда таппақ. КӨМЕКШІ БАЙ МА, КҮЙЕУ БАЛА БАЙ МА?
Болат Өтемұратов компанияның 7 миллиард АҚШ доллары бар үлесшісіне айналуы да әбден мүмкін. Инвесторлар акцияның сатылымына қатысуға асыққандықтан «Гленкордың» 10 миллиард АҚШ доллары шамасындағы акция пакеті алғашқы күні-ақ жабылып кетті деп жазады басылым.
Дипломат әрі банкир Болат Өтемұратов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «сенімді көмекшісі» ретінде мәлім. Ол алғаш рет «Форбс» журналы жариялаған әлемдегі бай адамдардың тізіміне 2008 жылы 1 миллиард АҚШ долларына тең байлығымен енген. Daily Telegraph басылымының жазуынша, енді Өтемұратовтың байлығы Тимур Құлыбаевтан да, лондондық ірі тау-кен корпорациясы ENRC-дің тең құрылтайшылары Александр Машкеевич, Патох Шодиев және Алимжан Ибрагимовтерден де асып түспек.
«Форбс» журналының мәліметі бойынша, ENRC корпорациясының тең құрылтайшыларының ортақ табысы – шамамен 3,7 миллиард АҚШ доллары, ал президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың байлығы – 1,3 миллиард АҚШ доллары, «Қазақмыс» компаниясының басшысы Владимир Кимнің қазынасы – 4,7 милиард АҚШ доллары шамасында. Бұған дейін Қазақстандағы байлардың көшін бастаған Владимир Ким қазір Лондонда тұрып жатыр.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚАЛАЙ МИЛЛИАРДЕР АТАНДЫ?
Болат Өтемұратов та (Нұрсұлтан Назарбаев сияқты) теннисті жақсы көреді, ол – елдегі теннис федерациясының президенті. Болат Өтемұратов Қазақстанның Швейцариядағы елшісі қызметін атқарған. Бұдан соң елдегі ең табысты банктердің бірі – АТФ банкін құрды. 2008 жылдың аяғына дейін 3 жыл бойы президенттің іс басқарушысы болып қызмет істеді. «Өтемұратов АТФ банкіндегі акцияларын италиялық Unicredit банкіне сатқаннан бері әлемнің миллиардерлері қатарына енді» деп жазады ұлыбританиялық басылым.
АТФ банкі ресей-израиль бизнесмені Аркадий Гайдамактан Васильковское алтын кен орнын сатып алған еді. Болат Өтемұратов сол кездері Гайдамактан «Қазмырыш» АҚ акцияларын сатып алған. Ал оның баласы Әлидар Өтемұратов Васильковское кенішін 2010 жылға дейін басқарды. Қазір ол – Васильковское кенішінің орнындағы «Алтынтау» компаниясының атқарушы директоры. «Қазмырыш» «Гленкордың» акциялық сатылымы аяқталғаннан кейін «Алтынтаудың» акцияларын жекелей сатылымға шығаруды жоспарлап отыр» дейді басылым.
ӨТЕМҰРАТОВ ПЕН АЛТЫ ҮЛЕСКЕР
Daily Telegraph басылымының мәліметіне қарағанда, «Гленкор» өткен жылдың басында Васильковско кенішінде қалған 60 пайыз акция пакетін сатып, «Қазмырыштағы» үлесін 69 пайыздан 50,7 пайызға дейін азайтқан. Яғни Болат Өтемұратов қазір компанияның кем дегенде 18,3 пайыз акция пакетіне ие болып отыр.
Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі жетекші тұлғалардың бірінің айтуынша, Болат Өтемұратов – «Верный Капиталдың» негізгі акционері. «Менің білуімше, «Верный Капиталда» өзге де акционерлер бар болғанымен, оған Болат Өтемұратов бақылау жасайды» дейді ол адам. «Верный Капиталдың» басқарушы серіктесі және атқарушы директоры Тимур Исатаев АТФ банкін 2008 жылы сатылғанға дейін басқарған, ол Болат Өтемұратовтың банктегі басты серіктесі болған» деп жазады басылым.
Daily Telegraph «Гленкордың» акция пакетіне жеті адам иелік ететінін жазады. Үлескерлер арасында Болат Өтемұратовтан өзге Оңтүстік Африкада туып-өскен Иван Глайзенберг, Бадендік Даниэль Мэйт Франциско, Грецияда туған Аристотелис Мистакидис, Тор Петерсон, Алекс Борода және Стивен Кальмин бар. Бұлардың кейбірі «Гленкорда» 1980 жылдардан бері қарай түрлі қызмет атқарған, кейбірі кейіннен қосылған үлескерлер.
www.azattyq.org
Мақсат Нұрдәулетұлы Мұқанов — Уикипедия
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мақсат Нұрдәулетұлы Мұқанов
1967 жылы 8 ақпанда Алматы қаласында туған. Қазақ.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін (1991), тарих оқытушысы, қоғамтанушы; ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару жоғары мектебін (1997) «Мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2007 жылдан).
1991 жылдан — Алматы облысы Қаскелең ауданы Райымбек ауылы ОМ мұғалімі. 1993 жылдан — ҚР сыртқы экономикалық байланыстар министрі және ҚР өнеркәсіп және сауда министрінің сарапшысы, бас маманы, министрдің көмекшісі. 1997 жылдан — ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 1999 жылдан — ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығының сектор меңгерушісі, орталық меңгерушісінің орынбасары. 2002 жылдан — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» РМК бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары. 2003 жылдан — ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі. 2006 жылдан — «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары, басқарушы директоры — корпоративтік хатшысы. 2008 жылдың ақпан айынан бері — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Стратегиялық зерттемелер және талдаулар орталығының меңгерушісі.
«Құрмет» орденімен (2010), «Астананың 10 жылдығы» медалімен (2008) марапатталған.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Халқының жоғары сапалы өмір деңгейі, бәсекеге қабілетті экономикасы және қуатты адам капиталы бар тұрақты да өркенді мемлекет».
Сүйіп оқитын әдебиеті — романтикалық әдебиет, тарихи хикаяттар, фантастика.
Үйленген. Жұбайы — Мұқанова Гүлнара Жанет қызы (1971 жылы туған), ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басқармасы бастығының орынбасары. Ұлы — Мұқанов Әміржан Мақсатұлы (1996 жылы туған).[1]
Дереккөздер[өңдеу]
kk.wikipedia.org
Мақсат адамға не үшін қажет?
Мақсат – адам нәтижесіне кәміл сеніп, табандылықпен ұмтылатын, сол адам үшін еңмаңызды болып табылатын дүние. Алайда мақсатты дұрыс қоя білу қажет. Себебі, мақсатқа жету – бұл өз қажеттіліктеріңді жай ғана қанағаттандыру емес, бұл – өзіңді-өзің жетілдіру, тұлғаның дамуы, жаңа деңгейге өту. Мақсатқа жету процесінің өзі сол мақсаттың өзіне, біздің күш-жігерімізге, қабілетімізге, міндеттерімізге, көңіл-күйімізге, сенімімізге байланысты ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Мақсат – бұл шешімі үшін бар күш салынған, нақты міндет. Өз алдыңызға қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттер қою қажет: бір күнге, аптаға, жылға және өмір бойына. Өз өміріңізді жоспарлап, мақсат ретінде өз «қажеттіліктеріңізді» таңдаңыз. Бұл процесті келесі түрде елестетуге болады:
Өз қажеттілігімізді анықтаймыз:
§ Өзіңіздің қаржылық жағдайыңыздың анализін жасаңыз да оны жан-жақты бағалауға тырысыңыз. Мұны «қоймадағы қалдықтарды тексеру» немесе «ревизия» деп атауға болады. Бұл кезеңді қалай атауыңызды өзіңіз білесіз, ең бастысы оны қапы жібермеңіз.
§ Өзіңіз үшін ненің тілектер қатарына, ал ненің қажеттіліктер қатарына жататынын анықтаңыз. Екі тізім жасаңыз: «тілектер» тізімі мен «қажеттіліктер» тізімі.
§ Бұл тізімдерге бір тармақ енгізбес бұрын, өзіңізге сауал қойыңыз: Мен неге оны қалаймын? Мен неге оны қажет етемін?
§ Оның пайда болуымен не өзгереді? Мен егер оны сатып алсам, қандай өзгерістер болады (жақсы жаққа, әлде жаман жаққа ма)? Ал мен үшін шынайы маңыздысы не? Бұл менің ең басты өмірлік құндылықтарым мен артықшылықтарыма сәйкес келе ме?
Жаһандық мақсат құру:
Сіз өмір бойына жоспар құруды қазірден бастауыңыз маңызды. Өзіңізге сауал қойыңыз: «Мен бес жылдан, он, жиырма жылдан соң қандай табыстарға жетуді қалаймын?»
Бұл мәселе төңірегінде ойланғанда, сіз жасауыңыз қажет болатын әрекеттер мен қадамдарды елестете аласыз. Көзделген мақсатқа жетудің неғұрлым көп кезеңдерін нақтылаған сайын, соғұрлым көп табысқа жетесіз. Содан соң бірінші, екінші кезекте және ары қарай не жасау қажет екенін жоспарлап, қадамдарыңыздың кезектілігін ойластырыңыз.
Әрекеттер жоспарын жасаңыз (шағын міндеттер):
Көзделген мақсатқа бірінші қадам – әрекеттер жоспарын жасау. Жоспардың болуы өздігінен мақсатқа жету болып табылмайды, алайда әрекеттер жоспарын жасау кезінде көзделген мақсаттарды бекіту өте маңызды. Осы үшін мақсаттар тізімі жасалады. Осы саладағы сарапшылар бұл тізімді үйдегі көрнекі жерге қойған дұрыс дейді. Олар туралы өз жақындарыңызға айтуға болады. Қағазға жазылған мақсаттарды қайта оқып, сіз олардың өмірге енуіне жағдай жасайсыз.
Неліктен үлкен мақсатты көптеген кішігірім қадамдарға (шағын міндеттерге) бөлу қажет?
Біріншіден, бұл уақытты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Негізгі міндеттерді сапалы әрі жылдам орындауды үйрену қажет. Алдыңа ғаламат мақсат қойып, бар күш жігеріңді оны орындауға сарп ету қажет деп ойлау ағаттық.
Екіншіден, сенің ғаламат міндетіңе баратын жолда негізгі тармақтардың бірі – мектепті табысты аяқтау, отбасы істеріне қатысу, тіпті қоғам өміріне араласу да болар, сонымен бірге өз қызығушылығыңды, хоббиіңді ұмытпа. Мұның бәрі сенің өміріңнің құрамдас бөлігі, сенің үлкен мақсатқа жету тармақтарың!
surak.baribar.kz
Алидар Өтемұратов Джек Маның жолын таңдады
Қазақстандық DAR Bazar сауда алаңы өз жұмысын бастады.
DAR Bazar жобасына салыған жалпы инвестиция көлемі 220 млн теңгені құрайды. Бұл ретте сауда алаңын әзірлеушілер жобаның өзін-өзі қашан ақтайтындығын нақты айта алмай отыр. Десе де, олар OLX және AliExpress (Alibaba Group компаниясына тиесілі) сауда алаңдарына бәсекелес бола алатынына сенімді. DAR ІТ-компаниясының негізін қалаушы Алидар Өтемұратов кәсіпкерлерге жаңа сауда алаңын ғана емес, сондай-ақ логистиканы басқару мүмкіндігін қоса беріп отырғандығын мәлімдеді. Компания екі жобаның негізін қалады. Олар DAR Bazar сауда алаңы және DARLogistik логистикалық кәсіпорны. Осы жылдың көктемінде жобаны әзірлеушілер сауда алаңын пилоттық режимде іске қосты. DAR компаниясының өкілдері платформаның ешқандай шектеусіз, өз жұмысын бастағанын хабарлады.
«Біздің мақсат – серіктестеріміздің табысқа кенелуіне көмектесу және солармен бірге алға басу», – деп түсіндірді Алидар Өтемұратов.
Оның айтуынша, болашақта DAR компаниясында серіктестердің айналымдағы қаржысын қорландыру және клиенттерге бөліп төлеу мүмкіндігін беру құралдары пайда болмақ.
Қызмет түрі сатылымнан түскен комиссиялар есебінен табыс таппақ. Компания өз қызметі үшін тауар тізімдемесіне байланысты 5-7% ұстап отыратын болады.
IT-компания жыл соңына қарай шамамен миллион қолданушыны тартуды көздеп отыр. Алидар Өтемұратовтың айтуынша, бүгінде өндірушілер үшін интернет-дүкен құру қиын шаруа (abctv.kz-тің есептеуінше, интернет-дүкен e-commerce тұрғысынан дұрыс жұмыс істеуі үшін орташа есеппен 50 мыңнан 100 мың долларға дейін қаржы керек). Сондықтан компания осыған басымдық бермек. Ол үшін білікті ІТ-мамандар керек. Мұндай мамандар жоқ болса, онда өзгелердің қызметіне жүгінуге тура келеді. Сондай-ақ өндіруші тауар шығарып қана қоймай, цифрлық маркетинг, SMM, контекстік жарнама бағыттарын да жетік меңгеруі шарт. Ал мұның бәріне көп күш жұмсалады. Алидар Өтемұратовтың сөзінше, басты мәселе – тауарларды сақтау мен жеткізу. Бүгінде өзінің жеке қоймалары мен курьерлік қызметі бар DARLogistik компаниясы аталған мәселелерді өз мойнына алуды ұсынып отыр. Логистикалық компания бұған дейін Lamoda ірі интернет-дүкеніне қызмет көрсеткен екен.
Алидар Өтемұратовтың айтуынша, DAR Bazar-дың өзіндік артықшылықтары бар. Сауда алаңына ең алдымен отандық тауарлар қойылады және жұмыстар өндірушімен тікелей өзімен жүргізіледі. Сондай-ақ меншікті қоймалар мен логистикалық компанияның болуы тауарды жылдам жеткізуге мүмкіндік береді.
«Клиенттерді көптеп тарту үшін PR саласына қыруар қаржы жұмсау керек. Біз DAR Bazar-ға аяқ киімдерімізді шығарып, комиссия төлейміз. Бұл жарнамаға жұмсалуы тиіс қаржы болатын. Біз үш күн бұрын компаниямен келісімге отырдық. Аяқ киім – өлшеп көруді қажет ететін тауар. Сондықтан интернеттегі аяқ киім сатылымының үлесі 7%-ды құрайды. Бұл ретте, клиенттердің 70%-ы біздің компания туралы интернет арқылы біледі», – деді Shoesrepublic.kz аяқ киім компаняисының директоры Дәурен Раманқұл.
Еске сала кетейік, Қазақстандағы танымал сауда алаңдарына OLX және satu.kz жатады. Алайда олар отандық дүние емес. Сондай-ақ аталған сауда алаңдарында логистикалық қызмет жоқ. Есесіне, іздеу тұрғысынан алғанда жақсы позицияға орналасқан.
Қазақстан интернет-қауымдастығың мәліметінше, бүгінде елімізге Alibaba арқылы күн сайын орташа есеппен 8000 сәлемдеме жеткізіледі.
Сондай-ақ 2016 жылы Астанада өткен бір жиында AliExpress компаниясының ТМД елдері мен Ресейдегі өкілі Марк Завадский Ресейдің соңынан қазақстандық интернет-дүкендер де жақын уақытта Alibaba арқылы сату мүмкіндігіне ие болатынын мәлімдеген еді. Алайда Alibaba үшін бұл жерде логистика ғана емес, жергілікті тауар өндірушілер қажетті тауармен қаншалықты қамтамасыз ете алады деген мәселе де өзекті болмақ.
ILAB интернет-дүкендер құру жөніндегі компанияның бас директоры Владимир Денисовтың айтуынша, интернет-магазиндер көп жағдайда өз бизнесін аталған серверлерге қызмет көрсетуден бастайды.
«Бұл классикалық схема. Егер DAR компаниясы жобаны сапалы насихаттау мен маркетингті жолға қойса, онда DAR Bazar шағын бизнестің агрегаторы болмақ», – деп есептейді Владимир Денисов.
Оның айтуынша, өкіншке қарай статистикалық деректер сауда алаңдарының өзін-өзі ақтамайтындығын нақтылап отыр. Мәселен мұндай стартап жобалардың 80%-ы қаржының жоқтығынан жабылып тынады екен. Владимир Денисовтың айтуынша, бұл – инвестициялауды қажет ететін толыққанды бизнес.
«Ресейде жарқын мысалдар жеткілікті. Мәселен, Wikimart. Бұл әртүрлі тауар санатындағы 8000 интернет-дүкеннің басын қосып орырған сауда алаңы. Компанияны 2008 жылы екі студент – Камил Курмакаев пен Максим Фалдин құрған. Олар 2014 жылы ресейлік интернет-миллионерлердің ТОП-100-дігіне енді. Олар өз нарығын ұстап қала алды», – деді Владимир Денисов.
Оның айтуынша, басқа да мысалдарды келтіруге болады. «Сегіз жыл бұрын Алматыда Қазақстандағы алғашқы бизнес-порталдың тұсауы кесілді. Тұтас қалаға билбордтар ілінді. Жобаға жұмсалған шығын шамамен миллион долларды құрады. Қазақстанның барлық қаласында «Қазақстанның алғашқы бизнес-порталы» ЖШС-ның офистері болды. Алайда жарты жылдан кейін компания жабылып қалды. Әрине, ауқымды болған жақсы-ақ. Алайда бұл бизнесті біртіндеп дамытқан абзал. Бұл спортзалға барып шу дегеннен 100 келіні көтерумен бірдей», – деп түсіндірді Владимир Денисов.
Еркебұлан Қыздарбек, Римма Гахова
abctv.kz
Болат Өтемұратовтың Қоры табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетпек
2017 жылдың 15 қарашасында Болат Өтемұратовтың Қоры және «Қазақстан Республикасы Қызыл жарты ай қоғамы» ҚБ арасында төтенше оқиғалар кезінде зардап шеккен Қазақстан тұрғындарына көмек көрсету аясында ынтымақтасу жөнінде меморандумға қол қойылады,- деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Көмек қаржы ForteBank көмек карталарына аударылып, кейін оны Қызыл Жарты ай қызметкерлері төтенше оқиғалар орын алған кезде зардап шеккендерге бөліп береді. Көмек сомасы 67 200 000 теңгені құрайды. 33 600 000 мөлшеріндегі алғашқы транш 2017 жылы, ал екінші транш 2018 жылы аударылады.
Бір картаға аударылатын сома 20 000 теңгеден бастап 30 000 мың теңгеге дейінгі аралықта болады деп жоспарланып отыр. Бұл қаржыға тамақ, жеке гигиена заттарын және табиғи апаттың алғашқы күндері ең қажетті заттардың барлығын сатып алуға болады. Аталмыш көмек мемлекет тарапынан қабылданатын шаралармен қатар зардап шеккендерге көрсетілетін бірінші материалдық қолдау ретінде көрсетілетін болады.
Болат Өтемұратов қайырымдылық қорының негізін салушы осыған орай былай деп атап өтті: «Табиғи апат салдарынан адамдар баспанасыз қалып, ас-судан айырылған кезде мен бұған бей-жай қарап тұра алмаймын. Қордың, ForteBank-тың және Қызыл Жарты ай қоғамының бірлесе күш жұмылдыруы арқасында біз зардап шеккендерге алғашқы гуманитарлық көмекті көрсететін боламыз. Осы көп тарапты бастамамызды бизнес өкілдері және қоғамдық ұйымдар қолдайды деп үміттенеміз».
Серік Әубәкіров, Алматы қаласы Төтенше оқиғалар департаментінің бастығы: «Төтенше оқиғаларға дайындалу және әрекет ету мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, сонымен бірге, әрбір Қазақстан азаматының ісі болуы тиіс. Бұл қызметте әртүрлі ұйымдар арасындағы серіктестік ерекше маңызға ие».
Қазақстан Қызыл жарты ай қоғамының бас директоры Елена Ким: «Біздің ұйым апатты жағдайлар кезінде әрекет ету және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша көп жылдық тәжірибе жинақтаған. Біз халықаралық тәжірибені қолдана отырып, өз тетіктерімізді ұдайы жетілдіріп отырамыз. Аталмыш серіктестік аясында дайындалған мұндай жүйенің арқасында біз тұрғындарға барынша жылдам әрі тиімді түрде көмек көрсете алатын боламыз. Ал төтенше жағдайлар кезіндегі ең маңыздысы осы уақыт пен тиімділік екені сөзсіз. Бизнестің, азаматтардың және бейкоммерциялық сектордың күш жұмылдыруы нәтижесінде осындай өмірлік маңызға ие жобалар пайда болып отырғанына біз аса қуаныштымыз».
«ForteBank» АҚ басқарма төрағасы Мағжан Әуезов: «Осы жобаға қатысып отырғанымыз біз үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Табиғи апат салдарынан туындаған төтенше оқиғалар кезінде зардап шеккендерге шапшаң әрі жедел түрде көмек көрсету аса маңызды. Қабылданатын шешімдер технологиялық жағынан жоғары, нақты, сенімді әрі айқын болуы тиіс. Бүгін қол қойылған меморандумның көздегені дәл осы мақсат».
«Өткен жылдардағы тәжірибеден түйгеніміз, қазақстандықтар зардап шеккендерге көмек көрсетуде алдына жан салмайды, — деп атап өтті Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов. – Еріктілердің азық-түліктер мен заттарды жинап, іріктеп, жүк көліктерін киім-кешек пен азық-түліктермен лық толтырып тиеп жатқанын көрдік. Бұл біздің азаматтарды тек жақсы жағынан ғана көрсетеді. Сол себепті де біз апатты жағдайда зардап шеккендермен тікелей байланыса отырып жұмыс жүргізетін ұйымдарға жәрдем жасау, осы көмекті ұтымды әрі шапшаң түрде көрсету жөнінде шешім қабылдадық».
«Қамшы» сілтейді
2
Ұнайды
Ұнамайды
Маңызды
Нашар
Керемет 1
Қырт
Ой бар
www.qamshy.kz
Өтемұратов мемлекеттік банктерді сатып алмақ
«Іске қатысы бар екі адамның айтуынша, Қазақстан үкіметі бұл банктерді сату туралы шешім қабылдаған соң Өтемұратовқа қарайтын «Верный Инвестмент Холдинг» оны сатып алуды ұйғарған» дейді мақала авторы Нариман Гизитдинов.Аталған тұлғалар істің мән-жайы туралы толық ақпарат бермеген және аты-жөндерін жарияламауды сұраған. Ал «Верный Инвестмент Холдинг» басшылығы пікір білдіруден бас тартқан. Банктердің иесі, мемлекеттік «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры «құпиялық шартына сай инвесторларды жарияламайтынын» айтты.
«ЕКІ БАНКТІҢ ҚҰНЫ БІР МИЛЛИАРД ДОЛЛАРҒА ДЕЙІН БАРАДЫ»
«Әлемдік мұнай кенінің үш пайызына ие болып, уран өндіру жөнінен алдыңғы қатарға шығып отырған бұл ел 2007-2009 жылдардағы дағдарыстан соң банктерді дефолттан құтқару үшін ауқатты қорларға беруге мәжбүр болды» деп жазады Bloomberg.
Мәскеулік «Альфа-банктің» сарапшысы Джейсон Гурвицтің болжамынша, «Қазақстандық банктердің шетелдік инвесторларға қоятын талабын ескерсек, бәсеке жергілікті инвесторлар арасында жүреді деуге болар. Бұл банктердің баланстық құнына жеңілдік жасамай сату қиын».
Автор Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «БТА банк», «Альянс банк» және «Темірбанкті» мемлекеттік қаржыландырудан шығару туралы тапсырма бергенін еске салады. «Альянс банк» пен «Темірбанктің» қоса алғандағы құны 500 миллионнан 1 миллиард АҚШ долларына дейін барады» деді «Альянс банк» басқарма төрағасы Мақсат Қабашев 3 сәуір күні журналистерге берген сұхбатында.
«БТА», «Альянс» және «Темірбанк» 2009 жылғы дефолттан соң 20 миллиард АҚШ доллары шамасында қарызданып, құрылымын өзгертті» деп жазады Bloomberg.
«Самұрық-Қазына» қорының атқарушы директоры Елена Бахмутова 7 ақпан күні «Екі банкті сатып алуға кез-келген үміткердің мүмкіндігі бар, оған жергілікті инвесторлар да кіреді» деген еді. «Альфа-банк» сарапшысы Джейсон «банкирлік тәжірибесі бар Өтемұратов бұл мүмкіндікті жібермеуге тырысар» дейді.
«2,2 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРДЫҢ ИЕСІ»
Автордың пайымдауынша, «2007 жылы «АТФБанкті» Италиялық UniCredit SpA қаржылық ұйымына 2 миллиард АҚШ долларына сатып жіберген Өтемұратов үшін бұл үлкен қадам болмақ».
«UniCredit «АТФБанкті» қазақстандық KazNitrogenGaz-ға өз капиталы шамалас бағаға сатады» деп мәлімдеді «АТФ» өкілі. 1 қаңтардағы дерек бойынша, оның капиталы 71,2 миллиард теңгені (427 миллион доллар) құраған.
55 жастағы Болат Өтемұратов жалпы актив құны 80 миллиард теңгеге жеткен Forte Bank пен Kassa Nova Bank-ті басқарады. Оған тиесілі «Верный Инвестмент» холдингі 4 миллиард доллар активке ие.
Ол Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Австрияда мұнай мен газдан бастап телекоммуникацияға дейінгі салаларда бизнес жасайды. Осы жылдың ақпанында холдинг төрағасы Тимур Исатаев «Компания «Альянс» пен «Темірбанкті» біріктіру туралы жоспардың анық-қанығын білгісі келеді. Маңызды қадам жасамас бұрын бұл банктер үшін бәсекеге қолайлы басымдықтардың сақталғанына көз жеткізуге тиіспіз» деген еді.
Болат Өтемұратов – Forbes журналының 2012 жылы жариялаған «Әлемдегі ең бай адамдар» тізіміне кірген қазақстандық. Журнал «Қазақстан президентінің бұрынғы іс басқарушысы болған, бұл тізімде 670-орында тұрған Өтемұратовтың байлығы 2 миллиард 200 миллион АҚШ доллары» деп жазған.
Forbes-тің бұл тізіміне 2012 жылы Қазақстаннан Болат Өтемұратовтан басқа төрт адам енген. Олар – «Қазақмыс» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким (641-орын – 2 миллиард 300 миллион АҚШ доллары), ENRC корпорациясының акционері Алиджан Ибрагимов (704-орын – 2 миллиард 100 миллион АҚШ доллары), Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев (1107-орын – 1 миллиард 300 миллион АҚШ доллары) және қызы Динара Құлыбаева (1107-орын – 1 миллиард 300 миллион АҚШ доллары).
www.azattyq.org